«Ерекше театр» актерлері көрермен ықыласына бөленді
Ұлттық Дельфий комитетінің өнер ұжымы елордалық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Петропавлдағы есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернатында құрылған театр «Қанымыз бір» атты қойылым ұсынды. Спектальдің премьерасына Сенат Төрағасы бастаған жоғары палатаның бір топ депутаты арнайы қатысты. Парадельфий аталымы бойынша түрлі байқауларда топ жарған жастарға сенат спикері алғысын білдірді. "Инклюзивті жобалардың бірден бірі, осы "Ерекше театр" дей келе Мәулен Әшімбаев кедергісіз қоғам құруда заң-дарды жетілдіру жұмыстары, жалғасын табатынын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Инклюзивті, кедергісіз ортаны еңбек саласында, көлікте, мемлекеттік мекемелерде ғана емес, шығармашылықта да қалыптастыруымыз керек. Балаларымыздың қандай дарынды екенін көріп тұрмыз. Мемлекет басшысы мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше қажеттілігі бар балаларға әрдайым баса мән беріп, үнемі назарда ұстап келеді. Сондықтан алдағы уақытта да балалар мен жастардың шығармашылығын өркендету бағытында жүйелі іс-шаралар атқаратын боламыз.