Ресейдегі архивтен Қостанайдың алғашқы картасы табылды
Ресейдің мемлекеттік тарихи архивінен Қостанай қаласының алғашқы картасы табылды.
Оған қоса 19 беттен тұратын ақпараттық сипаттамасы тағы бар. Картаны 1896 жылы арнайы тапсырыспен Белоглазов деген атақты картогроф жасаған. Оны Тобыл өңірін мекен еткен Тұрымбай Толыбаев, Осман Алтынсарин сияқты қазақтың байлары бекітіп, таңба қойған. Қостанайдың жер аумағын анықтап, белгілеп алуға тұрғылықты халықпен қоныс аударғандар арасында қақтығыстың жиілеп кеткендігі себеп болса керек. Картада жоспарлап қойған Троицкіден бастау алып, Қостанай арқылы Науырзым, Торғайға тартылатын темір жол желісі де көрсетілген. Құжаттың құндылығы сол, 19 ғасырдың аяқ кезінде Қостанайда қанша адам өмір сүргені, әлеуметтік статусы, қанша көше, үй, тіпті қанша түп ағаш бар екендігі көрсетілген. Бірақ карта патшалық Ресей тарапынан ресми бекітілмеген.
Батырхан Жұмабаев, Қостанай облыстық тарихи өлкетану музейінің басшысы:
- Биыл не келесі жылға жоспарға қойып отырмыз. Омбы, Орынбор деректеріне барып, осы картаның төл тарихын, /скл Петерборға дейін барып, сол жердегі архивтерден толық құжаттарды алып, осы картаның бекітілмеу себебін зерттеуге соған ниет қойып жатырмыз.