Алматыда испан суретшісінің «Ай сәулесі» атты көрмесі ашылды
Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Ай сәулесі» деп аталған көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Көпшілікке ұсынған 19 картинасында ол түнгі шырақтың жұмбақ жарығын шебер бейнелеген. Қылқалам шеберінің картиналары бұған дейін әлемнің ірі қалаларында қойылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген. Каноның бала кезінен сурет әлеміне ынтығы ауған. Ол тек суретші қана емес, танымал музыкант, композитор және музыкалық продюссер. «Мекано» поп-тобының ең танымал әні – «Ай баласы» балладасы мен танымал «Ай» операсының авторы.
Дидар Азат, музей қызметкері:
- Ол өнердің әр бағытында өзінің идеяларын, өзінің қиялындағы ойларын сурет арқылы, басқа да музыкалық өнер арқылы іске асырып отырған. Өзінің оқырмандарына, көрермендеріне көрсетіп отырған. Бұл Қазақстанда көп көріне бермейтін көрменің бір түрі деп ойлаймын. Техника жағынан болса да.