Қостанайда Амангелді батырдың портреті табылды
Қостанайдағы облыстық өлкетану мұражайынан Амангелді Имановтың портреті табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл сурет ұлт азаттық көтерілісінің 40 жылдығына орай 1956 жылы салыныпты. Авторы – Крутилников деген суретші. Содан бері еш жерде көрсетілмеген. Мұнда батыр, Қастеев салғандай, қарсы алдынан емес, бір қырынан бейнеленген. Көне жәдігер Астана қаласында Аманкелді Имановтың 150 жылдығына орай өтетін көрмеге материалдар іздестіру кезінде қоймадан шыққан. Одан бөлек, батырдың балаларының, жүзбасы, мыңбасыларының да суреттері табылды. Аманкелдінің портрет-плакаты сол өткен ғасындың ортасында қазақ мемлекеттік баспасынан 15 мың данамен басылып шыққан. 1 данасының құны 1 сом 25 тиынға бағаланған.
Батырхан Жұмабай, облыстық өлкетану мұражайының директоры:
- Сол жылы ғана көрсетіліп, содан кейін ешқайда көрсетілмеген ғой. 70 жылға жуық уақыт ішінде еш жерде жарияланбаған. Ертең 3 сәуірде Елорда төрінде, Астанада жарыққа шығарылады. Бұл көрме тек Астанада ғана болмайды, әрі қарай бізде Ақтөбе облысы сұратып жатыр, жаз мезгілінде бұрынғы Семей қазіргі Абай облысы сұратып жатыр.