Алматыда «Верный шыңы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті
Туынды Тянь-Шанның бір биігін бағындырған альпинистеріміздің құрметіне арнап түсірілді.
Өте қиын сапарға отандастарымыз бірнеше жыл қатарынан тыңғылықты дайындалған. Сонымен қатар, «Верный шыңына» апарар жолдың жартастары биік, беті тік, әрі тегіс келген ең қиын бөлігін таңдаған. Қажырлы еңбектің арқасында 5 альпинист 5250 метр биіктікті бағындырыпты. Нәтижесінде, былтыр альпинизм бойынша әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Деректі фильмде спортшыларымыз түсірген кадрлар пайдаланылған. Бұл еліміздің Альпинизм федерациясы мен Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің ортақ жұмысы. Айта кетейік, Сәтбаев университетінде былтыр альпинизм орталығы ашылды.
Артём Скопин, ҚР Альпинизм және құзға шығу федерациясының вице-президенті:
- Деректі фильмнің кадрларын альпинистеріміз өздері түсірген. Осы шыңның біз бағындырған беткейі Азиядағы ең қиын бағыт саналады. Мысалы, «Верный шыңына» басқа беткейлермен шыққандар бар. Ал, орталық бағытты ешкім бағындыра алмаған. Біздің жігіттер мақсаттарына жете білді.