Қызылордадағы музейге күйші Қазанғаптың домбырасының көшірмесі қойылды
Күйші Қазанғаптың домбырасының көшірмесі Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл бағалы жәдігерді өңір музыканттары кәсіби шеберге арнайы жасатқан екен. XIX ғасырдағы алмағайып кезеңді «Ноғайлы босқыны», «Жұртта қалған», «Окоп», «Қызыл керуен» шығармалары қазақ тарихы үшін үлкен дүние. Күйшінің өз домбырасы Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде сақтаулы тұр. Ал жергілікті мамандар Сыр мұражайын толықтырған жаңа экспонаттың түпнұсқадан аса айырмашылығы жоқ дейді.
Ұлжан Байбосынова, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің директоры:
- Бұны жасаған ұсталар – өз өңірімізден шыққан ұсталар. Кешегі желтоқсан айында ғана жасалып келді бұл. Көп болған жоқ тұрғанына. Домбыраның түпұсқа дыбысы қандай болса, дәл солай көшірме де соны қайталап берді.
Сапар Көзейбаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:
- «Сыр елі – жыр елі» дейміз ғой. Бұның үлкен айғағы, дәлелі түкпір тарихына түсетін болсақ, Жетіасар мәдениетінде жатқан Бидай асарда археологтар тапқан үлкен ата домбырасы. Оның көшірмесін жасатып, ол да музей қорына өткізілді.