Алаш аманаты: музей экспедициясы қандай жәдігерге жолықты?
Павлодардың Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі үшін былтыр олжалы жыл болды.
Мұражай ұйымдастырған ғылыми экспедиция барысында бірегей жәдігерлер табылды. Көне кітаптарды халықтың көбі құран деп сандықта сақтаған. Солардың бірі - Абай Құнанбаевтың кітабы. Шығыстанушы Әділбек Әміреновтың айтуынша, Ертіс ауданынан табылған бұл туынды республикалық қорларда сақталған, алтыншы тұпнұсқа болып отыр. Кітапта Абайдың екі ұлымен түскен суреті бар екен. Ең алғаш ұлы ақын туралы Әлихан Бөкейханов мақала жариялапты. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсыновтың да «Қырық мысал» және «Маса» жинағы Тереңкөл, Аққулы аудандарынан табылған. Көне басылымдардың қатарында «Темірқазық», «Жас қазақ» журналдары да бар. Олардың барлығы 1923 жылы Орынбор мен Санкт-Петербургте жарық көрген. Павлодарда «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты республикалық конференция өтіп жатыр. Қазақ зиялыларының еңбегі, елеусіз қалмайды. Ендігі мәселе көне кітаптарды реставрациялап, айналымға түсіру - дейді ғалымдар.
Әділбек Әміренов, Бұқар Жырау атындағы музейдің аға ғылыми қызметкері, ПМПУ профессоры:
- 1921 жылы Орынборда Ахмет Байтұрсынов бүкіл қазақ оқығандарын жинап съезд ашады. Осы құрылтайда оқулық шығару туралы мәселені қояды. Әрқайсысына жеке-жеке бөліп береді. Ахмет Байтұрсынов өзі тіл мен әдебиетті алады. Тарихты Қошке Кемеңгеров алады. Қошке Кемеңгеров ең бірнші мұны мақала ретінде Темірқазық журналына жариялайды қазақтың саяси тарихы деп. Ал енді келесі бұл журналдар табылды. Темірқазық журналы біз тапқанымыз 2-3 саны. Бұны шығарушы Нәзір Төреқұлов қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі, қазақтың тұңғыш дипломаты, тілші.