Астанада әлемдік хореография кеші өтті
Елорда төрінде Халықаралық әйелдер күніне орай классикалық балет кеші өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бірегей гала-концертте әлемдік балеттің һас шеберлері мен қазіргі заманның танымал әртістері заманауи балет үлгілері көрермен назарына ұсынды.
Айта кеткен жөн, мерекелік кештегі кейбір туындылар елімізде алғаш рет көрсетілді.
Аталмыш шараға Еуропаның танымал балет театр әртістері мен өзге де һас шеберлері өз өнерін паш етті.
Наталья де Фробервиль, балерина:
- Мұнда алғаш келіп тұрмын. Осында шақырту алғанда қатты қуандым және бірден келістім. Мен сахнада билеймін, сол кезде ерекше қуанышқа бөленемін, әрине, көрермендердің де сол сол сәтті сезінгендерін қалаймын.