Астанада «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды
Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесі ашылды.
Жұртшылык назарына Назарбаев орталығының музей қорынан алынған 19-ғасырдағы ұлттық әшекей заттар ұсынылды. Көрмеге жүзік, шолпы, сырға, білезік сияқты барлығы жетпістен астам зергерлік мұра қойылған. Одан бөлек көктем бояуын, әйел нәзіктігі мен сұлулығын, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты бейнелеген туындыларды да осы жерден тамашалауа болады. Көрменің ашылу салтанатына үкімет мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестік өкілдері, шетелдік дипломаттар қатысты. Өз сөзінде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтай келе, тарихи-мәдени мұрамыз баға жетпес ортақ қазынамыз екендігін атап өтті.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
- Әйел сұлулықтың символы, әдеміліктің рәмізі, сондықтан біздегі әдемі әшекейлердің барлығы, зергерлік өнердің барлығы әйелдермен, аналармен, қыздармен байланысты. Сондықтан жүзік, сырға, шолпы, өңіржүйек және көптеген музейден де көруге болады әшекейлерді біздің халқымыз сол қыздарға, аналарымызға арнап жасаған. Түркі халықтарының мұрасы болғандықтан осындағы зергерлік өнердің барлығы да біздің халықтарымызға ортақ мұра.