Алматыда «Ағын» драматургиялық театры ашылды
Алматыда «Ағын» атты әлем драматургиясы театры ашылды.
Жаңа театрдың ерекшелігі – сахнада тек 18 бен 28 жас аралығындағы жас актерлар ойнайды. Олар Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Репертуарда қазақ және әлем жазушылары мен драматургтерінің шығармалары бар. Атап айтқанда Мұхтар Әуезов, Роллан Сейсенбаев, Уильям Сароян, Генри Миллер, Евгений Попов, Габриэль Гарсиа Маркестің шығармалары сахналанады. Қойылымдар мемлекеттік тілде жүреді, сондай-ақ, көрермендердің сұрауы бойынша субтитрлер беріледі. Жаңа өнер ошағының шымылдығы «Намыс» спектаклімен ашылды. Жазушы Роллан Сейсенбаевтың шығармасының желісімен сахналанған қойылымда қазақ- жоңғар соғысында қол бастаған қазақ батыры Күшікбай туралы терең сырға толы шындық айтылады.
Роллан Сейсенбаев, жазушы:
- Жастардың көзімен, осы жастардың аузымен сөзімен біз мынау дүниенің қайда бара жатқанын не болып бара жатқанын СКЛ: 000439 жастар ғана біледі. Оның өтірігі қанша, қиястығы қанша? Жақсылығы қанша? Сондықтан жастарға сөз береміз, жастар арқылы Қазақстанды көру. 000459 Осындай шағын шағын театрлар ол жауынгер театрлар.
Данияр Жетпісов, актер:
- Бұл менің дебютім театрда. Намыс деген спектакль Күшікбай деген батырды сомдаймын. Күшікбай батыр бұл 20 жасар жас батыр, Уақ тайпасынан шыққан, ақылды, көбінесе күшке емес ақылға асықпай оймен шешетін бұл жерде енді 18-ғасырдағы оқиға, шын өмірде болған. Бұл Күшікбай батырдың бұлағы бар Абай облысында қазіргі таңда.