Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Startup-Nauryz жобасы таныстырылды

Оны музейдің жас ғалымдары материалдық емес, мәдени мұра құндылықтарын насихаттау үшін жасапты. Жоба «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық ғылыми форумында таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шараға Түркия мен Өзбекстан, Татарстан мен қазақстандық ғалымдар сондай-ақ ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы  өнер-білім бойынша сарапшылары қатысып, Наурыз мерекесінің құндылықтарына тоқталды. Форум барысында зағип және нашар көретін балаларға арналған «Жеті қазына» мүсіндерінің көрмесі ашылса, тоғызқұмалақтан мектеп оқушыларының арасында жарыс өтті.

Ғалия Теміртон, ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары:

- Бұл – стартап жоба. Бұл жерде балалар қалай түсінеді? Қалай сол тасаттық пен көрісуді көрсету керек? Қалай оны әлемге паш етуге айтып беру керек?  Қаншалықты қазақтың бойында осындай бай дүниелер, құндылықтар көне заманнан парасатты ел болғанын дәлелдеп беруге тырысады. Жыл сайын бұл дәстүрлі форум болады деп өзіміз үміт етеміз.