Жезқазғанда зейнеткерлердің әуесқой театры ерекше жоба ұсынды
Жезқазғанда ардагерлер кеңесі жанынан құрылған зейнеткерлердің әуесқой театры көрермендерге ерекше жоба ұсынды.
Танымдық бағыттағы шара «Қазақ әндері –ғасыр шежіресі» деп аталды. Онда қазақ халқының басынан өткен түрлі оқиғаларға арналған әндердің шығу тарихы сахналық қойылыммен өрілді. Мұрағат деректері мен тарихи романдар желісімен жазылған қойылымның әртістері де, қоюшы режиссері де зейнеткерлер. Бұл өнерлі қариялардың алғашқы жобасы емес. Осыған дейін отбасы құндылығы мен қыз бала тәрбиесіне қатысты мазмұнды шығармаларды сахналады. Ұжым биылғы репертуарын салт-дәстүрге арнап отыр.
Айжан Жүнісқызы, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
- Біздің ішімізде әртістер жоқ. Алды 82 дегі қарт кісілер. Менің өзім мына 78 демін. Балалар есті әндерге көңіл бөлсін, ол әндердің мағынасы нені айтады? Біздің өткен тарихымыз қандай екен? Міне осыны мақсат еттік. Үйреткіміз келді. Қазіргі жеңіл-желпі әндерден көрі қазақтың ескі, ұмытылмайтын ән-күйін жастардың көңілдеріне ұнайтындай көрсеткіміз келді.