Алматыда «Олжас Сүлейменовтің поэзия әлемі» атты кеш өтті
Ол ақын шығармашылығын бағалайтын адамдардың басын қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мұндай фестивальдер жас жазушыларға шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, өзін үлкен елдің бір бөлшегі санауға мүмкіндік береді.
Биыл фестиваль біртуар ақын Олжас Сүлейменовке арналды. Кездесуге келгендер ақынның өлеңін оқып, шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті. Ақындардың фестивалі 21 наурызда аталып өтетін Бүкіләлемдік поэзия күні қарсаңында дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұрады. Бұл күн 2002 жылы ЮНЕСКО-мен бекітілген.
Поэзия күнін мерекелеуді қазақстандық жазушылар ұсынған. Алғаш рет бұл бастама 1996 жылы көтерілген. Бүгінгі таңда бұл мерекені ЮНЕСКО-ға мүше 200-ге жуық мемлекет атап өтеді.
Валерий Толмачёв, Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы ғылым орталығының жетекшісі:
- Қазақстандық танымал ақын, 1996 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бақытжан Қанапиянов осында Бэлла Ахмадулина, Андрей Вознесенскийдің қатысуымен қазақстандық және ресейлік ақындардың кездесуін өткізді. Пікір алмасу барысында халықаралық Поэзия күнін өткізу туралы ой келді. Мерекенің идеясы осылай пайда болды. Содан бірнеше жыл өткен соң ЮНЕСКО деңгейіндегі мереке ретінде тіркелді.