Ақтөбеде ұлттық тағам таратылды

Ақтөбеде Ұлыстың ұлы күніне орай қазақтың ұлттық тағамдары таратылды.

Ыстық бауырсақ пен сүттен жасалған сусын түрлері қаладағы ірі сауда орындарының бірінде үлестірілді. Тағамды келіндер клубының мүшелері әзірлеген. Ұлттық киімдегі қыз-келіншектер саудагерлер мен сатып алушыларға дәм ұсынып, Наурыз мейрамының маңызы туралы айтып берді. Сондай-ақ жұртшылықты мерекемен құттықтады. Шараға 30-дан астам қыз-келіншек қатысты. Ұйымдастырушылар мұндай шараны енді дәстүрлі түрде өткізбек.

Гүлмира Тілеулина, қала тұрғыны:

- Барлық келіндер үйден бауырсақ пісіріп, үлкендерімізге сәлем беріп, бата алып, ілтипаттарымызды көрсетеміз және түрлі ұмытылып бара жатқан ырымдарымызды, тағамның түрлерін бәрін үйрететін боламыз.