«Ақ боз үй» тарихи фильмі көрерменге жол тартты
«Ақ боз үй» атты тарихи фильм көрерменге жол тартты.
Кинотуынды жазушы Смағұл Елубай жазған трилогия желісімен түсірілген. Қазақстанның Батысында басталған оқиға Түрікпеннің Қарақұмында, Хорезмде аяқталады. Кинотуынды 1918 бен 1933 жылдар аралығында қасірет шеккен қазақтың қиындықтарын көрсетеді.
«Ақ боз үй» трилогиясы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін жайлы кеңестік кезеңде жазылған туынды. Қаламгер Смағұл Елубай бұл шығармасын тарихтың ақтаңдақтарына үңіліп, 1982 -1985 жылдар аралығында жазып шыққанын айтады. Шығарма бертінде қайта өңделіп, басылып шығады. Трилогияның соңғы тарауы 1,5 сағаттық фильмге арқау болған.
Смағұл Елубай, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
- 2019 жылы бізді Президент қабылдаған ашаршылықтың 2022 жылы 100 жылдығын 32-нің 90 жылдығы болды ғой мінеки қазір. Соны үлкен экранда атап өту жөнінде келісім болған. Президент қолдаған. +Осы фильмді көру арқылы біз сол 5 млн халықтың әлі күнге дейін ең жоғары деңгейде, мемлекеттік деңгейде жоқталмағанын аруақтарды бірігіпғ, экран алдында отырып 1,5 сағат үнсіздік жариялап, тағзым етіп жарты халықтың аруағын жоқтайық дегім келеді.
Бекарыс Елубаев, қоюшы- режиссер:
- Қайрат Кемалов негізгі рөлімізді сомдаған, образын. Сол кісіні әкем ұсынды. Оны мен "Қазақ хандығында" байқап қалдым да маған өзіме ұнаған. Екінші басты рөлді сомдаған Күлжәмиля Белжанова, ол кісіні мен танимын. Бұрын менің бір киномда түскен. «Бала ғашық» деген киносында. Сол жерде мен ол кісінің қандай профессионал екенін байқап қалдым.
Айта кетерлігі, басты кейіпкер Пахраддиннің рөлін сомдаған актер Қайрат Кемалов Түркияда өткен «Қорқыт ата» кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды. Тарихи шығарманың желісімен түсірілген көркем туынды 30-наурыздан бастап еліміздің 11 қаласында көрсетіледі.
Бақыт Топтаева, Асхат Қарақойшиев