Алматыда Наурыз Fest фестивалі қызды
Алматыда наурыз той жалғасып жатыр.
Бүгін Жібек жолы мен Панфилов көшесінің қиылысында НАУРЫЗ FEST фестивалі қызды. АРБАТ-тың аумағы әртүрлі қолөнер шеберлерінің бірегей заттарына толған. Шамамен 50-ге жуық шатыр тігіліпті. Оларда ұлттық нақыштағы киім-кешектен бастап, әшекей заттар, ыдыс-аяқ сынды бұйымдар қойылған. Шебер Евгений Политов ағаштан небір өнер туындыларын жасайды. Өзі әр ыдысты жасауға бір айға жуық уақытымды сарп етем дейді. Ағаштың да ағашын таңдайды.
Евгений Политов, ағаш шебері:
- Ағашты қолға алған кезде одан қандай зат жасауға болатынын білу керек. Сосын кейбір бұйымдарды жартылай өңдейтін кездер болады. Өйткені, толық өңделген ағаш өзінің өзгешелігін жоғалтады. Мына кесе қарағаштан жасалған. Шеберлер үшін өте қиын ағаштардың бірі осы.