Қарағандыда жас таланттарға іздеу салып жатыр

Қарағандылық мәдениет және демалыс саябақтары өкілдері жас таланттарға іздеу салып жатыр.

Солардың көмегімен кеншілер қаласының өзіне тән, колоритін жасамақ. Себебі қалада маусымның бірінен бастап аптаның әр күні, түрлі мәдени шаралар өткізіледі. Осыған жергілікті спортшылар мен әншілерді, бишілер мен өзгеде өнер иелерін тарту жоспарда бар. Қазірдің өзінде елуден астам өнерпаз өзінің, аталған шараларға қуана қатысатынын айтып тіркелген. Мамандар бұл кеншілер қаласында ұлттық нақыштағы шараларды көптеп өткізуге де мүмкіндік беретінін айтып отыр.

Айым Асанова, мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының бөлім меңгерушісі:

- Жаңа сахна бізде аппаратурамыз бар соны тегін ұсынамыз. Музыканттар мен әншілер көп. Бізге керегі спорт секциялар кішкене белсенділік таныста жақсы болар еді. Себебі бізде былтыр зумба, фитнес тренировкалар өткізілді. Сондықтан спортшылар белсенділік танытса.