Болливуд Алматыда кино түсіріп жатыр
Алматыда «Бандра» деп аталатын жаңа романтикалық кинокартинаның түсірілім жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл Болливудтық «Аджис Винаяка филмс» компаниясының туындысы. Кино қос ғашықтың махаббат хикаясы жайында. Режиссердің айтуынша фильмді былтыр қыркүйек айында Үндістанда бастаған. Енді жалғасы Қазақстанда түсіріліп жатыр. Картинада танымал болливудтық актерлермен бірге біздің елдің азаматтары да ойнайды. Премьерасы 7 шілдеде басталып, әлем бойынша прокатқа шығады.
Арун Гопи, фильмнің режиссері:
- Түсіру жұмыстары соңына таяп қалды. Бұл фильмнің бірінші бөлімі ғана. Екінші бөлімінде осы жақта түсірсек деп жоспарлап отырмыз. Қазақстан туралы көбірек білгім келеді. Әдет-ғұрып, мәдениетін зерттесем деймін. Бұл жақта өте әдемі. Қонақжайлылықтарыңыз үшін көп рахмет айтамын.