«Ұлы Жібек жолындағы бейбітшілік диалогына» қатысушылар ұлттық өнері арқылы таныстырылды
Мәдениетті сақтау – әлемдегі татулықтың кепілі.
Алматыда осындай бастамамен «Ұлы Жібек жолындағы бейбітшілік диалогы» атты ІІІ халықаралық форум өтті. Мәдени шараға 200-ден аса талантты, бастамашыл оқушы қатысты. Қатысушылар өздерінің ұлттық биі, музыкасы мен әндері арқылы таныстырылды. Балалардың айтуынша, мәдениет пен шығармашылық әлемді алға сүйрейді. Соның бірі музыка. Форумның басты мақсаты тарихи мұраны сақтау, адамдардың әр ұлттың мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Шара БҰҰ-ның «2023 жыл халықаралық диалог жылы, бейбітшіліктің кепілі» бастамасын қолдау мақсатында өтті.
Темірлан Тұрсынбеков, 9-сынып оқушысы:
- Нешетүрлі мектептер өздерінің өнерлерін көрсетіп, билеп, ойнап жатыр. Біздің елде 130-дан астам этнос бар. Сол этноспен бірге барлығымыз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Осы қазақ шаңырағының астында бүкіл елдер тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз бір-бірімізді бөлмейміз, кемсітпейміз, барлығымыз тату-тәтті өмір сүреміз.
Валерий Толмачёв, ЮНЕСКО аясындағы мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы бөлім жетекшісі:
- Мұндай форум балаларды толлеранттылыққа, өзгерлерді құрметтеуге үйретеді. Балалар жанындағыларға қарап бой түзейді, тәрбие алады. Бүгінгі шарада дәстүрді де, заманауи көзқарасты да көрдік. Форумды ұйымдастырушылар балалар арқылы болашақты тәрбиелеп жатыр.