Қазақстан авторлар қоғамына жаңа төраға сайланды
Қазақстан авторлар қоғамы ашық цифрлық жүйемен жұмыс істейді.
Жақында республикалық қоғамдық бірлестік, өздерінің ресми сайтында жеке кабинет қызметін іске қосты. Онда автор өзінің шығармасы қай жерде орындалғанын және оған қанша сыйақы төленгенін көре алады. Бұл туралы бірлестік жиынында айтылды. Осы істің басы-қасында жүргендердің айтуынша, «Авторлық және сабақтастық туралы» заңда, қалам-ақы бір жылда ең кемі 3 рет берілу керек делінген. Оны ай сайын беруге де болады. Бірақ қаламақыны жалақы алғандай, алып тұрам деген қате түсінік. Мөлшері айлық есептік көрсеткішке және шығарманың орындалуына байлансты болады. Басқосуда сондай-ақ басшылық құрам ауысты. Бұған дейін төраға қызметін атқарып келген Балнұр Қыдырбектің орнына Байғали Есеналиев сайланды. Ал бас директор қызметіне Мамытхан Мұқан келді. Қазақстан авторлар қоғамына, қазір 5 мыңға жуық адам мүше.
Балнұр Қыдырбек, композитор:
- Кейбіреулер млнға жуық алады. Кейбіреулері ештеңе алмайды. Оның үстіне неше түрлі жағдай бар. Мәселен, Қазақ радиосынан менің шығармаларым 112 рет беріліпті. Соның бар сыйақысы 1800 теңге. Оның өзінің мемлекет бекіткен мөлшері бар. Өлшемі бар. Оның үстіне эфир деген көп қой. Орындайтын адам да көп. Шығын көп. Түскен ақшаны бәріне бөлгенде тиын тебен болады.
Бекжан Әшірбаев, ақын, композитор:
- Бізде 12 авторлар қоғамы, 9 жауапкершілігі шектеулі серіктестік бар. Осылардың барлығы қаламақы жинайды. Авторлық және сабақтастық туралы заң бойынша ТОО, ЖШБ ол қаламақы жинай алмайды. Бірақ бізде осыған тиесілі министрлік лицензия берген ғой. Осы жерде әрине олардың қаламақы мөлшері азаяды.