Елордада «Шоколандия» көрмесі ашылды

Оқушылар сарайына шоколадтан жасалған өнер туындылары қойылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жалпы салмағы 500 келіден асады. Тәтті экспонаттарды бүгінге дейін 2 жарым мың адам тамашалаған. Бұдан бөлек, кішкентайларға арналған экскурсиялар, интерактив, ойын алаңы, фотоаймақ ұйымдастырылған. Бүлдіршіндер мұнда шоколадты өз қолдарымен жасап, безендіре алады. Көрме 2 маусымға дейін жалғасады.

Андрей Лейн, ұйымдастырушы:

- Шоколад көрмесін ұйымдастыру идеясы 10 жыл бұрын туындаған. Алғашқы шараны Беларусьте өткіздік. Содан кейін ТМД елдерін аралап жүрміз. Біздің топта шоколадпен жұмыс істей алатын талантты жастар көп. Олар таңғажайып экспонаттар жасап жүр.