Қонев қаласында «Музейлер түні» фестивалі өтті
Қонаев қаласында алғаш рет «Mузей-Fest 2023» музейлер түні фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қалалық демалыс саябағында Алматы облысындағы музейлердің көрмесі ұйымдастырылды. Облыста 11 тарихи-өлкетану мұражайы бар. Қала тұрғындары Сүйінбай мен Жамбылдың, Үмбеталі Кәрібаев, Дінмұхаммед Қонаев, Мұқағали Мақатаевтың қолданған заттарымен танысты. Сонымен қатар «Алтын адам», Сақ, Үйсін, Түркі мәдениетінің жәдігерлері қойылды.
Қылқалам шеберлері шеберлік дәрісін өткізді. Батыр бабаларымыздың ер қаруы, бес қару мен сауыт-саймандары көрсетілді. Қазақ халқының көшпенді мәдениетке сай ыдыс-аяқтары, әшекей бұйымдары, ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптарының тарихы айтылды. Кеш «Алатау әуендері» ансамблі мен эстрада әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Қарлығаш Есжанқызы, музей қызметкері:
- Біз өзіміздің самаурын көрмесін алып келгенбіз. Самаурынды жан-жақтан алып келді. Әр музейден алып келген самаурындар. Мыс самаурындар келген. Ең үлкен самаурынға шай қайнатып, қонақтарға шай берсек деген ниеттеміз.
Дәулет Дәркембайұлы, Д. Шоқпарұлы атындағы қолөнер музейінің директоры:
- Мәдениеттің мәйегі музей деп айтады ғой. Сол музей осы халыққа өткенімізден бір көрініс береді деген ойдамыз. Музей түні деген акция жүріп жатыр облысымыздың орталығында. Бұның барлығы облыс орталығына келген қонақтарға, түрғындарына бір жақсы көңіл күй сыйлайды деген ойдамыз.