«Астана Опера» хоры жеңіспен елге оралды

Елорда әуежайы бүгін ығы-жығы, мемлекеттік ту мен плакат ұстаған бір топ тыңдармандар жеңіспен оралған өнерпаздарды қазақи салт-дәстүрмен, шашу шашып, әнұранмен қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандастарымыз Польшада өткен Халықаралық байқауда жүлделі бірінші орынды қанжығаға байлады. Бұдан бөлек еуропалық тыңдармандардың өтінішімен екі жеке концерт өткізді.

Даурен Мусин, «Астана Опера» театрының хормейстері:

- Аман-есен елімізге оралдық. Халықаралық байқауға қатысып, жүлделі орын алдық. Байқаудан бөлек, жеке концерттер бердік. Қазақша бағдарламамызбен. Аман-есен абыройымызды көрсетіп, Астана театрының, еліміздің абыройын мәртебелі көтеріп, аман-есен оралдық деп ойлаймын.