Алматыда қазақ әдебиетінің фотошежіресі жарық көрді
Альбом 1920-1970 жылдар аралығын қамтиды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жинаққа «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде» сақталған аса құнды тарихи құжаттар, белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің суреттері кірген. Оның ішінде бұрын еш жерде жарияланбаған фотолар бар. Мәселен, топ болып түскен фотосуреттердегі адамдардың барлығының аты-жөні жазылып, қай жылы түскеніне дейін анықтама берілді. Фотошежірені философия ғылымының канидаты, осы мекеменің бас сарапшысы Жанай Омаров құрастырды. Жинақ қазақ әдебиетіне жанашыр бизнес иесінің демеушілігімен жарық көрді. Тиражы – 200 дана. Алдағы уақытта фотошежіренің екінші кітабын шығару жоспарда бар.
Ілияс Ысқақов, «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ директоры:
- Көптеген ақын-жазушыларымыздың өмірден өтіп кеткен, солардың ұрпақтары, солардың суреттерін үйінде сақтайды да, оны халық көре бермейді. Бұл кісілер – еліміздің атақты ұлдары, белгілі қоғам қайреткерлері. Олардың өмірі, жалпы шығармалары қазақ халқына қызық және керек.