Астанада күйші, композитор Бақытжан Дүйсенғазиевтің шығармашылық кеші өтті

Астанада күйші, композитор Бақытжан Дүйсенғазиевтің “Күй аманат” атты шығармашылық кеші өтті.

Ел Бақытжан Дүйсенғазиевті алдымен күйші ретінде таниды. Ол бүгінгі концертте “Бабалар ізімен” атты шығармасымен көпшіліктің құлақ құрышын қандырса, артынша Құрманғазының “Байжұмасын” одан бөлек “Шалқыма”, “Қоспан ата” секілді күйлері арқылы көрерменді бір желпінтті. Қасиетті қара домбыраны жанына серік еткен өнерпаз бірнеше шығармалардың авторы. Кеште автордың тың туындыларын Халық музыкалық ансамблі орындады.

Бақытжан Дүйсенғазиев, күйші:

- Бұл кешті бірінші күй кеші болғандықтан, “Күй аманат” дегеннен кейін, біздің бабаларымыздан, ұстаздарымыздан жеткен күйлерді насихаттау, қазіргі осы таза домбырада орындайтын күй, дәстүрлі күйді насихаттау мақсатында болып жатыр. Одан кейін сол ұстаздарымыздың жолын жалғап, өзімізде қазір орта бел жастан асқаннан кейін, өзіміздің жанымыздан да күйлер шыққаннан кейін соны халыққа тарату мақсатында, халыққа жеткізу барысында жұмыс жасап жатырмыз. Бұл кеште менің алғашқы күйлерім орындалады.