Ұлттық ұланның мерейтойлық фестивалі аясында плац-концерт өтті
Елордада Ұлттық ұланның Х мерейтойлық "Әскери керней" фестивалі аясында плац-концерт өтті.
Шарада алты әскери-шығармашылық ұжым өнер көрсетті. Ұзын-ырғасы 300-ден аса өнерпаз қатысты. Сахнада шырқалған патриоттық, классикалық, халықтық және эстрадалық музыка көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Айта кетейік, фестиваль кеше басталған. Алдымен әскерилер "Жерұйық" және "Жетісу" саябақтарында оркестр қойылымын өткізді. Ертең фестивальдің соңғы күні. Сағат 10:00-де "Нұрлы жол" бульварында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шеру болады.
Сергей Гафаров, 6655 әскери бөлімінің әскери дирижері:
- Әр оркестр жобасымен 10 минуттық бағдарламасын ұсынады. Ол бағдарлама ішінде 2 ән мен попури көрсетілімі болады. ҚР Рәміздер күніне байланысты. Сондықтан көбінесе патриоттық әндлерге, сондай шығармаларға басымдық береміз.