Құрылтай мүшелері шығармаларда ұлттық құндылықтарға басымдық беруді талқылады
Ұлы дала елі орталығында өткен екінші секциясының тақырыбы «Мәдениет. Өнер. Руханият» деп аталды.
Бұл жерде құрылтай мүшелері қазіргі ақын-жазушылардың шығармаларында ұлттық құндылықтарға басымдық беру, отандық әдебиет пен киноны дамыту жайын талқылады. Алқалы жиынға қатысып жатқан азаматтар мұражай, мәдени орталықтар мен кітапханалардың жағдайын жақсарту қажет деген ойын ортаға салды. Әсіресе алдағы уақытта ауылдық жерлердегі мәдени орындардың жұмысы жаңғыртылмақ.
Азамат Сатыбалды, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры:
- Жұмыс секциялары барысында көтерілген бастамалар іске асуы үшін арнайы іс-шаралар жоспары әзірленеді. Яғни сарапшылар мен мемлекеттік орган басшылары айтылғандар сөз күйінде қалмайды деп отыр.