Жүсіпбек Аймауытовтың бұрын-соңды жарияланбаған шығармасы табылды
Жүсіпбек Аймауытовтың бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармасы табылды.
Президент қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс нәтижесін жеткізді. Көптеген архив материалдары зерттелуде. Тіпті бұрын-соңды еш жерде шықпаған, тың мәліметтер жарыққа шығып жатыр. "Жақында сол құжаттардың ішінен "авторы Жүсіпбек Аймауытұлы" деп көрсетілген шығарма табылды. Мұны екі дерек көзі растап отыр," деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Өлеңмен жазылған туындыны сол кезде тәркіленген Алаш зиялылары еңбектерінің бір бөлігі деуге негіз бар. Онда ұлттың жаны ешқашан өлмейтіні жырланған. Шын мәнінде қазақтың қайсар рухы ешқашан сынбаған. Керісінше әрбір қиындық жұртымыздың жігерін жанып, халықты шыңдай түскен. Алаш рухы Қазақ мемлекетімен бірге мәңгі жасайды. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, әлемдегі өз орнымызды айқындаймыз. Қазақ елінің Адал азаматтары болып, Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз.