Астанада республикалық мүшәйра қорытындыланды
Тәуелсіздіктің тірегі, Отанымыздың жүрегі – Астана қаласының шаңырақ көтеріп, босаға бекіткеніне биыл 25 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған байланысты бүгін елордада «Жасай бер, жайнай бер, Астана» республикалық мүшәйрасы қорытындыланды. Бас жүлде қазақтың көрнекті ақыны Ғалым Жайлыбайға бұйырды. Жыр мүшәйрасына 100-ден астам жазба ақын өзара мықтыны анықтады. Елорданы жер жаһанға таныту үшін қатысушылар жүректен шыққан өлеңдерін оқыды. Оза шапқан 12 жеңімпаз жүлделі өлеңдерін халық назарына ұсынбақ.
Сұраған Рахметұлы, қазылар алқасының мүшесі:
- Республика деңгейіндегі осындай үлкен шара әсіресе жазба ақындардың ішінде өте жақсы деңгейге жетті деп ойлаймын. Бұл – поэзияға көрсетіліп жатқан үлкен құрмет. Және поэзияның алға дамуының бір ерекшелігі осында деп ойлаймыз.