«Хабар 24» арнасының қызметкері «Парламент сөзі» сыйлығын иеленді
"Хабар 24" арнасындағы "Мәжіліс LIVE " бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Жадыра Медетбек "Парламент сөзі" сыйлығын иеленді.
Ол Мәжіліс ұйымдастырған байқаудың «арнайы репортаж» номинациясына лайық деп танылды. Осы жылы жеңімпаздар жеті номинация бойынша сайысқа түсті. Биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Жадыра Медетбек, «Парламент сөзі» сыйлығының иегері:
- Әуелі Алла, одан кейін ата-анамыздың қолдауы, одан кейін осы «Хабар 24» арнасындағы үлкен ұжымның адал еңбегі, тынымсыз ізденісіне берілген әділ баға деп есептеймін. Біздің «Мәжіліс лив» бағдарламасы парламент пен қарапайым халық арасындағы алтын дәнекер десек болады. Себебі біз Мәжіліс қабырғасында талданып талқыланған барлық заңдарды бүге-шігесіне дейін халыққа жеткізіп отырамыз. Сондықтан бұл менің ғана марапатым емес, бүкіл ұжымға берген марапат деп ойлаймын.