Қарағандыда Күй аллеясы ашылды
Қарағандыда Ұлттық домбыра күні қарсаңында Күй аллеясы ашылды.
Маңайына ағаш отырғызылып, 17 орындық орнатылған. Жақын келсеңіз, бірден күй ойнай жөнеледі.
Мұндағы әр орындыққа әйгілі күйшілердің есімі жазылған. Сонымен қатар QR-код орнатылған. Ұялы телефон арқылы күйшілердің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында толыққанды ақпарат аласыз. Жоба авторлары университет студенттері.
- Нұрлан Дулатбеков, Қарағанды университетінің ректоры:
- Күйлеріне байланысты. Біреудің үш күйі бар, біреудікі 5 күй. Мысалы, Сембекте, тағы басқаларда бір-бір күйден ғана қалған. Яғни олардың барлығын әрі қарай дамыта береміз. Ана жерде олардың өмірі ағылшын, қазақ тілдерінде жазылған. Әрбір бала келеді де оны қарайды. Меніңше қыстың күні болмайды. Бірақ осы 9 айда осында күй тыңдап отыратын болса балалар жаман болмайды.