Телевизия майталманы Қайнар Олжай 65 жасқа толды
Қазақ телевизиясының қаламы қарымды ардагері Қайнар Олжай 65 жаста.
Майталман қаламгерге «Хабар» агенттігі» АҚ төрағасы Берік Уәлидің арнайы құттықтау хаты табысталып, сый жасалды. Көрнекті журналистің еңбек жолы мерзімді басылымнан басталған. Қайнар Олжай тәуелсіздік алған жылы шетелден алғаш репортаж жасаған тілшінің бірі. Таланты мен қажырлығының арқасында қазақ телевизиясының биігіне шықты. Ардагердің "Мың бір мақал", "Деген екен", "Солай болған", "Тіл", "Сөзмерген", "Ілік септігі" сынды бағдарламалары көрермен көңілінен шықты.
Қайнар Олжай, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Телевизия менің өмірімде көптеген жақсы адамдармен таныстырды. Хабар агенттігінде жүргенде көптеген шет елдерге шықтық. Қазақстан арнасында жүргенде шет елдерге шықтық. Телевидение мына адамдардың мына нақты өмірін көруге ұмтылдырды. Одан кейін газетте біз ойланып жазатынбыз, толғанып жазатынбыз. Телевидение тез, жылдамдыққа үйретті.