Орден атауларына тарихи тұлғалар есімін беру руханиятқа серпін береді

Орден атауларына тарихи тұлғалар есімін беру руханиятқа серпін әкеледі.

Ұлттық құрылтайда Президенттің айтқан ұсынысына ғалымдар мен ақын, жазушылар осылай пікір білдірді. Зиялы қауым Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік наградалар жүйесін өзгерту туралы бастамасына қолдау білдірді.

Асқар Жұмаділдаев, академик, физика-математика ғылымдарының докторы:

- Математика логиканың негізін қалаған. Мысалы, Асан Дабысұлы Тайманов деген кісі болған. Бұл кісі қазақстанның ғылым академиясының академигі. Бұл кісінің атында мектеп те, көше де, ештеңе де жоқ. Ғылымға ұмтылған жастар бұл адамдардың атын жақсы біледі. Егер Тайманов атындағы сыйлықты алды десе, ол қуана-қуана қарсы алады ондайды.

Қасымхан Бегманов, ақын, Алаш сыйлығының лауреаты:

- Мәселен, қазір Абай атындағы мемлекеттік сыйлық бар. Сол секілді Ахмет Байтұрсынов атындағы, Әлихан Бөкейханов атындағы, Мұстафа Шоқай атындағы деген секілді сала салаға бөліп, осы мемлекеттік түрлі мемлекеттіктен бастап түрлі қоғамдық ұйымдарда сыйлықтарды тапсыру керек деп ойлаймын. 

Зиялы қауым қоғамның дамуы мәдениет өркендегенде ғана шыңға шығатынын айтады. Ұлттық құрылтайдағы «әділетті қоғам құру үшін адал азаматтарды қалыптастыру қажет» деген ұран тек сонда орындалады дейді.   

Смағұл Елубай, жазушы, кинодраматург:

- Ал адал азаматтарды қалай қалыптастырамыз егер сенің кітап дүкендеріңде ұлттық өнім 10 немесе 20 пайыз болатын болса, 80 пайызы шет елдік өнім болатын болса. Кинотеатрларда жүріп жатқан киноның 100 пайыздай шетел киносы болатын болса, соны көріп отырған 100 пайыз біздің отандастарымыз жастар болатын болса. Мінекей сондықтанда әділетті Қазақстан адал азаматтарды қалыптастырудың жалғыз жолы мәдениетке көңіл бөлу.