Көкшетауда 1500 домбырашы қазақ күйлерін орындады. LIVE
Көкшетауда ұлттық домбыра күніне орай ауқымды іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Орталық алаңға 1,5 мыңға жуық домбырашы жиналып, қазақ күйлерін орындады.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Иә, айшықты мерекені Ақмола облысының жұртшылығы айтулы деңгейде атап өтіп жатыр. Киелі Көкше топырағы әлмисақтан сал-серілер мекені атанған. Кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың барлығы осы қасиетті мекенді ән мен жырға бөлеп өткен ғой.
Сол серілердін ізін жалғаған, қос ішіектің құлағында ойнайтын ақмолалық әншілер мен күйшілер бүгін Көкше төрінде бас қосып отыр. Ауқымды шара санаулы минуттардан кейін басталады. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айталық, ұлттық домбыра күні тек облыс орталығында емес, барлық аудандарда да аталып өтіп жатыр.
Жалпы шараға тек кәсіби күйшілер емес, сонымен қатар қарапайым қала тұрғындары да қатыса алады. Бұдан бөлек, орталық алаңда домбыра көрмесі де ұйымдастырылған. Ал мерекелік кеш кешке дейін жалғасын табады.