Абай облысында республикалық ақындар айтысы өтті
Асыл домбыра Айбек Жеңісқазинге бұйырды.
Бүгін Ақсуат төрінде жылдағы дәстүр бойынша республикалық айтысы өтіп, бас жүлдені семейлік ақын иемденді. Жыр додасы жергілікті жұртты шулатып, сөз өнеріне деген шөлін қандырды. Сай тасындай іріктелген 16 ақынның аламаны.
Аслан Қаженов, тілші:
- Еліміздің шығыс бөлігінен сөйлеп тұрмын. Нақтырақ айтқанда, Абай облысына қарасты Ақсуат ауылындамын. Ақсуат Өскеменнен 400, Семейден 500 шақырым қашықтықта жатқан осындай алып елдімекен. Алып дейміз, өйткені, бұнда мыңдаған тұрғын бар. Ал мұнда арнайы табан тіреуімнің себебі жыл сайын дәстүрлі түрде өнер және спорт фестивалі өтеді. Міне 10-жыл қатарынан ұйымдастырылып жатыр. Сәйкесінше, мен сияқты еліміздің түкпір-түкпірінен соны көруге мыңдаған адам ағылуда. Олардың қазір қиқуларын естуіңіз де мүмкін. Өйткені фестиваль аясындағы республикалық ақындар айтысы басталды. Сонда жиналып жатыр халықтың барлығы.
Асыл домбыра. Ақсуат төріндегі жыр додасы осылай аталады. Өйткені, бас жүлдеге асыл тастармен безендірілген домбыра қойылады. Бұдан бөлек автокөлік пен ақшалай сыйақы тағы бар. Ерекшелігі сол оны осы жерден шыққан қалталы азаматтар ұйымдастырады. Яғни, мемлекеттік бюджетке салмақ салмайды.
Дулат Тастекеев, фестиваль ұйымдастырушысы:
- Жыр додасы екі күнге созылады. Алғашқы күні 16 ақын іріктеу сынына қатысып, өзара сынға түседі. Айта кету керек, жұптар соқыр жеребе арқылы таңдалады. Ал екінші күні үздік атанған сегізі бас жүлдені сарапқа салады.
Серік Қалиев, қазылар алқасының өкілі:
Серік Жұматов, ақын:
- Ал жергілікті жұрт үшін бұл кәдімгідей өнер мерекесі айналды.
Мерей Қарт, Абай облысы мәслихатының депутаты:
- Ақындар айтысынан кейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен арнайы еконцкерт ұйымадстырылды. Бұған қоса қазақ күресінен әлемдік гран при мен бәйгеден республикалық бәсеке өтті.
Аслан Қаженов, Медет Өмірхан