Еліміздің барлық өңірі ұлттық аспапты ұлықтап, салтанатын асырды
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра!
«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп ақын Қадыр Мырзалиев жырлағандай Домбыра мен қазақ егіз. Бүгін елдің барлық өңірлері ұлттық аспапты ұлықтап, салтанатын асырды. Жас та, кәрі де домбыраның құлақ күйін келтіріп, қасиетті қара шанақтан күй төгілді. Кешегі Нұрғисалардың арманы болған бір іс – бұл күні ел жапппай күй тартты. Флешмобқа жиылып домбыра тартқандардың алды 1500-ге дейін жетті.