Түркістан облыстық музыкалық драма театры Астананы 25 жылдығымен құттықтап келді
Түркістан облыстық музыкалық драма театры Астананы 25 жылдығымен құттықтап келді.
Биыл өнер ордасының құрылғанына 2 жыл. Соған қарамастан театр репертуары толығып жатыр. 4 күнге созылатын гастрольдік сапарда елордалық көрерменге "Фариза", "Қорқыт" спектакльдері, сондай-ақ "Мағжан" қойылымының премьерасы ұсынылады. Бүгін "Фариза" қойылымының әртістері көпшілік қошеметіне бөленді.
Әлімхан Мырзахан, Түркістан облыстық драма театрдың директоры:
- Осы 4 күн бойы қойылымымыздың барлығы аншлаг. Билет жоқ. Демек, көрерменнің театрды, өнерді құрметтегені.