Елорда Ұлттық домбыра күнін бар сән-салтанатымен атап өтті

Елорда Ұлттық домбыра күнін бар сән салтанатымен тойлады.

Бәйтерек монументінің тұсында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған концертте Секен Тұрысбеков, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева секілді өнер қайраткерлері көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Қарақұрым жұрт, әсіресе,  туристердің қошеметінде шек жоқ. Сөз алған сала мәдениет және спорт министрі домбыраны қазақ халқының бойтұмарына теңеді. Асхат Ораловтың айтуынша елде 650-ге жуық домбыра үйірмесі жұмыс істейді. Оған 26 мыңнан астам бала қатысады.