«Қанаттылар» инклюзивті театры елордада спектакль қойды

«Күле аласыз ба?»

Бүгін осындай атаумен "Қанаттылар" инклюзивті театры елордада спектакль қойды. Премьера авторы Қанат Жүнісов. Қойылымда мүмкіндігі шектеулі жандардың жан айқайы суреттелген. Қоғамның кейбір мәселелерін астарлы әзіл арқылы жеткізуге тырысқан. Әуезді әнмен өрілген комедия адалдық, мейірімділік, жауапкершілік, ұлтжандылық сезімдерін оятуды көздейді. Астананың 25 жылдығына арналған спектакль ертең де көрермен назарына ұсынылады.

Нұрфат Вахитов, спектакльдің қоюшы режиссері:

- Бір жылдың ішінде мен білсем, 20 шақты адам келіп, өздері мамандандырылған маман болмағаннан кейін, театрды оқып келмеген соң, әбден сұрыпталып, біреулер кетіп қайтып келіп жатқан театр болып тұр қазір. Бір 20-дан аса актерлары бар. Көмекші, волонтерлерімен бірге қосқанда 30-ға жуық адам жұмыс істейді.