Атақты күйші Анар Мұздахан қазақтың төл өнерін кейінгі ұрпаққа үйретіп жүр
ХХ ғасырдан бастап бүгінге дейін күй өнерін дәріптеген домбырашылар династиясы астанада тұрады.
YOUTUBE.COM /ASTANATV/
Атақты күйші Анар Мұздахан қазақтың төл өнерін кейінгі ұрпаққа үйретіп, шәкірт тәрбиелеп отыр. Кәсіби маман Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда еңбек етеді. Әкесі Айтбай Мұздаханов - күйші, сазгер. Бір қолынан айырылса да, домбырасын тастамаған талантты Торғай өңірінің тумасы - қызының күй өнерін таңдауына түрткі болған. Әуелде әкесінің күйлерін нотаға түсірген Анар Мұздаханова, кейін өзі де бірнеше туындының авторы атанды. "Қанмен берілген қасиетті тек еңбекпен дамытуға болады. Қара домбыраны дәріптеу үшін ел деңгейінде күйшілер конкурсын өткізу керек", - дейді кәсіби күйші.
Анар Мұздаханова, күйші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:
- Қазақтың қара домбырасы атадан мұра. Адамның қанымен тамырымен бабабалардан тарайды ғой. Керемет күйші болған, домбырашы болған бабаларымыз: Шомақ, бері қарай Молдаш атамыз, бері қарай Мұздахан әкеміз. Менің ұстазым өзімнің әкем. Кішкентай кезімнен домбыраға үйретті маған. Әлі күнге дейін сол кісінің күйлерін сыртқа шығарып, дәріптем дегендей. Өзімнің Айбала деген немерем бар, сол қазір алты жаста. сол бала үйреніп жүр. Өзім ойлаймын енді сол айбалам жалғастырады ғой деп.