Баянауылдағы Жұмат Шанин ауылының 60 жылдық мерейтойы атап өтілді
Баянауыл ауданында аты аңызға айналған Жұмат Шанин ауылының 60 жылдығы дүркіреп өтті.
Мерейтой аясында қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби театр режиссері, драматург, әйгілі актёрдің туған өлкесінде «Жастар орталығы» кешені, спорттық алаңдар қолданысқа берілді. Ұйымшыл халықтың мұрындық болуымен ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.
Өрісі малға толған елді мекеннің кезінде төрт мыңнан астам халқы болған. Бүгінде мыңға жетер-жетпес. Жастардың өзге өңірлерге көшіп кетпей, тұрақтап қалуы үшін атқарылған игі істер жетерлік. Солардың бірі – спортсүйер жеткіншектерге қолдау көрсетуге бағытталған шаралар. Мерейтой аясында бірнеше спорт алаңы қолданысқа берілді.
Әмірхан Назым, Жұмат Шанин ауылының тұрғыны:
– Күшті болды енді. Жақсы ойнаймыз. Доп шығып кетпейді. кәдүмгі забормен қоршалған, қақпамыз, бәрі жақсы. бұрындары жаман болған. Далада ойнаймыз, кетіп қалады. Қайтадан барасың, қақпамыз жоқ, воротаны ағаштан істегенбіз. Талай қызық болған.
Жеткіншектер футбол ойнап, асық атып мәз-мейрам. Ал жастар үшін орталық пайдалануға берілді. Кешен ауыл азаматтарының бос уақытын тиімді өткізіп, спорт түрлерін дамытуға мақсатында ашылды. Екіқабатты ғимараты ауыл тұрғындары мен қамқоршылардың демеушілігімен бой көтерді. Халықтың тұрмысын жақсарту мақсатындағы жоспарлар әлі де көп.
Әлібек Сапабеков, Күркелі ауылдық округінің әкімі:
– Жұмат Шанин ауылында қазіргі таңда су құбырын су құбырының құрылысы жүріп жатыр. Оны іске асырғаннан кейін биыл іске асыру жоспарда бар. Содан кейін жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатырмыз, ауылдың ішкі жолдарын салу үшін. Салып тастаймыз деген ойдамыз және мәдениет үйін салуды жоспарлап отырмыз.
Жұмат Шанин ауылынан елгі танымал білімді бапкерлер, білікті спортшылар мен Қазақстанның рекордтар кітабына енген мықтылар шыққан. Мерейтойға орай қазақ күресі, жүрігу, кір тасын көтеру, тоқ бәйге бойынша жарыстар өтті. Ал әуесқой желаяқтар ауыл мерейтойына бес шақырымдық жарысын арнады.
Нұрсұлтан Бірлік, Жұмат Шанин ауылының тұрғыны:
– 30-дан аса спортшы қатысты. 35 жастан астам және 35-ке дейінгі екі жас санаты болды. Әр жақтсан спортшылар келді. Павлодар, Қарағанды. Әрине ауылда болғаны себебі ауыл жастары көрсін, ауыл жастары бізбен бірге жүгірді. Алға қарай ұмтылсын, республикалық, облыстық сайыстарда жүлдеге жетсін деген мақсат қой. Ауылдың атын шығарсын.
Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі:
– Облыстық, республикалық бюджеттерден 7 млрд 585 млн теңге 50 жобаға қаражат бөлініп, бүгінгі күні аудан бойынша іске асырылып жатыр. Ол айтатын болсақ, сумен жабдықтау бойынша сегіз жоба іске асып жатыр. Аудандық маңызы бар жолдарға асфальт төсеу бойынша 69,8 шақырымға асфальт төселіп жатыр.
Ратбек Ашуев, Жұмат Шанин ауылының тұрғыны:
– Бұл ауылдың бір жақсы жері – молдалар көп болған ауыл. Мына тұрған Шоманда 30 ақсақал болды. Сол кісілердің тәрбиесі ғой енді, кейінгі ұрпақ та солай жалғасты. Және ол кісілер, біз бала болсақ та, ол кісілерді қатты таңдайтынмыз. Біреулері әңгіме бастап айтса, басқалары масаның ызыңы естіледі. Сондай тыныштық болады. Солардың тәрбиесі жалғасып, қазіргі осы ауылдың жастары ұйымшыл.
Ауылдағы ағайынның мақсаты да сол – ата-бабадан қалған игі дәстүрді жалғастыру, туған өлкенің дамуына үлес қосу.
Ақмарал Есімханова, Марат Игіліков