Eurasian Fashion Show: Өскемендегі сән кеші нені көрсетті?
Сән әлемі де сандық технологияға тәуелді.
Шығыс Қазақстандық дизайнер Надежда Лаппа өз туындыларын ең алдымен виртуалды түрде таңдайды. Содан соң 3D үлгігіге түсіріп, ойдағы әдемі дүниені шынайы киімге айналдырады. Өскеменде өткен Eurasian Fashion Show кешінде осындай дизайнерлік шешімдер таныстырылды. Сонымен қатар Түркия, Ресей, Орталық Азия елдерінің белгілі сәнгерлері әлемдік моданың соңғы жаңалықтарын паш етті.
Надежда Лаппа қиялындағы сән үлгісіне қол жеткізу үшін алдымен қарындаш пен қағазға емес, ноутбукқа жүгіреді. 3D модельдеуге сүйеніп,кез-келген киімді адам бойына құйып қойғандай етеді. Тапсырыс берушілер сан тараптан.
- Это уедет в Корею, в Сеул, ждут уже.
Дәл қазір Надежда бірнеше спорт түрінен Қазақстан құрамасына бірыңғай форма дайындап жатыр. Ескі замандағы киім үлгілерін де бұлжытпай қайталап бере алады. Тіпті экофрендли яғни химиялық қоспасы аз, таза материалдармен де жақсы таныс.
Надежда Лаппа, сандық дизайнер:
- Әрине бұл эко-френдли. Бүгінгі күні трендке айналған дүние. Бұндай технологиямен тігілген киім матреиалдық әрі физикалық жағынан тиімді. Үнемді. Сандық сызбасынан шынайы түріне дейін көп уақыт кетпейді.
Дизайнер халықаралық көрсетілімдерге жиі қатысады. Пандемия тұсында шебер әйел жұмысын сандық технологияда танытса, енді міне топтамасы Eurasian Fashion Show сахнасын бағындырды.
Бақытжан Кұдышева, қала тұрғыны:
- Біздің кішкене ғана шаһарда осындай әдемі шара өтіп жатқанынан ерекше қуанып тұрмын. Бұдан кейін мұндай көрсетілімдер дәстүрлі түрде өтсе дейміз. Әсіресе отандық брендті насихаттауымыз қажет. «Қазақстанда жасалған» деген сөзді мақтанышпен айтуымыз керек.
Расымен де сән салтанаты келіскен шоуды ұйымдастырудағы басты мақсат - отандық брендке қолдау көрсету. Сонымен қатар өзара тәжірибе алмасып, біліктіліктелірн жетілдіру.
Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин