Астаналық оқушылар театры Мароккодағы фестивальге қатысты
Астаналық «Алтын би» театрының оқушылары Марокко Корольдігінде өтіп жатқан «Бейбітшілік балалары» халықаралық би фестиваліне қатысты.
Бұл туралы Рабаттағы еліміздің елшілігі хабарлайды. Осымен 15-рет ұйымдастырылған фестивальге 28-ден астам мемлекеттің өкілдері жиналды. Халықаралық шараның мақсаты елдер арасында достық қарым-қатынас орнату және бүкіл әлемде бейбітшілік мәдениетін кеңейту. Өнерпаз балалар жергілікті тұрғындардың көңілінен шықты. Фестиваль 1 тамызыға дейін жалғасады.
Юссеф, БАӘ, қатысушы:
- Бүгінгі шараға қатысқаныма қуаныштымын. Қазақстандық достар таптым. Олардың елі мен жері жайлы білдім. Өнерлеріне тәнті болдым.
Айша Қабылхамит, қатысушы:
- Біз өз отанымызды, Қазақстанды өте жоғарғы деңгейде түрлі билермен қазақша наөышта дәстүрлі және эстрадалық әндермен таныстырдық. Осы фестивальде көптеген достар таптық. Украина, Татарстан, Қырғызстан мен Франция. Осындай фестивалдер біздің елде де өткенін қалаймыз.