Павлодарда «Абай. Махаббат әуені» әдеби-музыкалық кеші өтті
Павлодарлықтар ұлы Абайдың өлеңдерін оқып, танымал әндерін шырқады, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Абай. Махаббат әуені» атты дәстүрлі әдеби-музыкалық кешке ақын, композитордың шығармашылығын дәріптеген жұрт жиналды. Облыстық кітапхана ұжымы мұрындық болған кеш оқырмандардың ғана емес, әншілердің де басын қосты. «Ашық микрофон» форматында өткен шара барысында кез келген тұрғын дара тұлғаның махаббат тақырыбына арналған шығармаларын паш етті.
Бүгінде ұлы Абайдың мұрасында 170-тен туынды бар екені белгілі. Олардың басым бөлігіне әуен жазылып, әлемге танылды.
Марал Тәженова, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкері:
- Абайдың шығармашылығындағы махаббат әуендері. Абайдың өлеңдері көптеген тілдерге аударылды. Басқа ұлт өкілдері өлеңдерін айтады. Жастар қазіргі кезде заманауи сүйемелдеп, басқа түрде, ерекше етіп айтып жүр. Кез келген кітапхана қонағы өзі сүйіп оқитын Абайдың өлеңдерін айта алады, өлең айтуға мүмкіндік болады.