Мәскеуде қазақ киносының күндері өтіп жатыр
Іс-шара аясында көпшілік назарына қазақстандық режиссерлердің жаңа туындылары ұсынылды.
Игі шара 3 күн бойы жалғасады.
Қазақстандық фильмдер мәскеулік «Иллюзион» кинотеатрында көрсетіліп жатыр. Іс-шараға тегін қатысуға болады. Оған Қазақстанның киноактёрлері арнайы барды.
Алтынай Нөгербек, актриса:
- Роскиноның осындай ұйымдастыруы біз үшін өте қуантарлық жайт болды. Өйткені қашан да өнер ол үлкен құдірет қой адамдарды бір-бірімен жалғайтын. Тек қана жақсылықты арқау ететін. Сондықтан да бұл сапарымыз көрерменге де өзімізге де бір жақсы әсер қалдырады деген үміттеміз.
Көрмеге Қазақстанда кейінгі 10 жылда түсірілген фильмдер таңдалды. Бұл халықаралық кинофестивальдерде жоғары бағаға ие болған туындылар. Мәскеулік көрермендер назарына «Шал», «Анаға апарар жол», «Жау жүрек мың бала», «Жаңғақ ағашы» фильмдері ұсынылды.
Екатерина Наумова, "Роскино" өкілі:
- Соңғы жылдары біз Қазақстанда бірнеше рет ресейлік фильмдерді көрсеттік. Қазақ көрермендері ресейлік режиссерлердің туындыларын өте жылы қабылдады. Әрине қазіргі қазақ киносына ресейлік көрермен де қызығушылық танытады. Бірақ заманауи қазақ кинотуындылармен біздің көрермен онша таныс емес. Әрине бұл шара көрермендер үшін де, кино саласының мамандары үшін де өте маңызды.
Фестиваль Болат Қалымбетовтің «Мұқағали» драмасының көрсетілімімен аяқталады. Қазақ жазушысы Мұқағали Мақатаев туралы 2021 жылы шыққан фильм ондаған халықаралық жүлдеге ие болды. Ал ресейлік көрермен оны алғаш рет тамашайлады.
Дана Нұржан, Шахзод Гамиров