Көктөбе – Алматының символы
Алматы – әсем қала. Мыңжылдық тарихы бар шаһар көпті көркімен баурайды.
Қалада мәдени демалыс орындары өте көп. Солардың бірегейі, әрине – Көктөбе. Көктөбені туристер мен қала тұрғындары Алматының символы санайды.
Алматы алақандағыдай көрінетін дәл осы жер. Алатау бөктеріндегі әсем қалаға келген туристер болсын, өзге өңірден қыдырып келген жұртшылық болсын Көктебеге соқпай кетпейді. Мұнда қаладан бес минуттың ішінде аспалы жолмен жетуге болады. Теңіз деңгейінен 1100 метр биіктегі демалыс орнында балаларға арналған ойын алаңдары мен ұлттық тағамдар ұсынатын мейрамхана бар.
Расында бұл жердің атмосферасы бөлек. Қаланың әсем көрінісі, таудың таза ауасы, үлкен- кіші бірдей демалатын орындары бәрі қосылып адамға ерекше көңіл күй сыйлайды. Ал мұндағы ұлттық нақышта безендірілген мейрамхана қонақтарына барынша жағдай жасап қойған. Шаңырағынан күн сәулесі құйылған хан ордасында отырғандай әсер қалдырады.
Саят Мырзахмет, мейрамхана әкімшісі:
- Қаладан айрмашылығы ауасы өте таза. Орналасқан жері өте керемет. Қонақтар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Үйге қонақ келсе жанымыз қалмайды. Шамамыз келгенше жақсылап күтіп алуға тырысамыз. Дәстүрлі тағамдарды көрсетеміз және жақсы қызмет көрсетуге тырасмыз.
Демалыс саябағына аспалы жолмен де, автокөлікпен де келуге болады. Тауға жаяу шығам десеңіз өз еркіңіз. Демалушылар арасында туристердің қарасы мол.
Роман Крэнц, (Польша):
- Мен Алматыда осыдан 50 жыл бұрын болғам. Содан кейін екінші рет келуім. Қасымда 20 шақты турист бар. Қаланың келбетін, табиғатын сөзбен айтып жеткізе алмаймын, Шымбұлақта, Медеуде болдық. Міне Көктебеге шықтық. Мейрамханадан қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм таттық. Бәрі ұнады.
Түймегүл Имашева, Маңғыстау облысының тұрғыны:
- Қала деген керемет. Баяғыдан өсіп, өркендеп кеткен, дамып кеткен. Өте тамаша. Барған жеріміздің бәрі жақсы қарсы алып жатыр.
Бақытгүл Төлешова, Маңғыстау облысының тұрғыны:
- Қызмет көрсету сапасы дұрысталып келе жатыр. Мен осыдан 3-4 жыл бұрын келгеннен айырмашылық бар. Көктөбенің басты ерекшелігі – аспалы жол ғой. Қазір Көктөбені аралаймыз.
Жалпы Алматыда үлкенді-кішілі мыңға тарта демалыс саябағы бар. Оған қоса, кез-келген талғампаздың көңілінен шығатын 700-ден аса мейрамхананың қонақтарына әрдайым есігі ашық.