БҰҰ кітапханасына Абай өлеңдерінің француз тіліне аударылған жинағы тапсырылды

БҰҰ кітапханасына Абай өлеңдерінің француз тіліне аударылған жинағы тапсырылды

Қазақстан БҰҰ-ның кітапханасына француз тіліне аударылған Абай өлеңдерінің жинағын тапсырды.

Бұл ұлы ақынның 178 жылдығына орайластырылған. Оны Қазақстанның Женевадағы тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев табыстады. БҰҰ-на қарасты мекеме басшысы Франческо ПизАно кітап үшін алғысын білдіріп, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. 

Франческо Пизано, БҰҰ кітапханасының директоры:

"Абай ойлары БҰҰ-ның құндылықтарымен үндеседі. Мысалы, ұлы ақын мәдениетті сақтап қалудың маңыздылығын ерекше атап өткен. Біздің кітапхана дәл осымен айналысады. Бұл БҰҰ-ның әрбір қызметкері, сондай-ақ бірлестікке мүше елдердің барлығы үшін маңызды. Абайдың сөздері миллиондаған адам үшін өзекті." 

Ұлы дала жүрегі Астанадан теӊіз жолы тірегі Ақтауға жалынды сәлем! 

Толқыны жан тербеген сұлу Ақтаудың мен үшін орыны ерекше. Айбынды xалқымен,тамыры терең тариxымен, сарқылмас салт-дәстүрімен, кещегі сүрлеу соқпақтан өтіп, бүгінге жеткен өлең-жырлар, күмбірлеген күйлер, аңсаған армандардың бір тағдырға тоғысуы. 

Өзіңде өткен бақытты күн, шақтарым,

Жүрегімді мәңгілікке сақтадым,

Арман қала, ару қала өсе бер,

Туған күнің құтты болсын, Ақтауым! 

Арулары ажарлы , жігіттері жігерлі қаланың 60 жылдығы құтты болсын!