Петропавл тұрғындары мерекелік концертті тамашалады
Мерейлі мереке еліміздің барлық өңірлерінде тойлануда.
Бұл көштен Петропавл қаласының жұрты да шет қалған жоқ. Қала тұрғындарымен қонақтары «Еркіндіктің асқақ шыңы – Ата Заң» атты мерекелік концертті тамашалады.
Бағдарлама дүние жүзіндегі жаяу жүргіншілерге арналған ең ұзын көшеде, яғни Қазақстан Конституциясы көшесінде ұйымдастырылды. Сәйкесінше жұртшылықтың көбі осында ағылды. Мұнда жергілікті көркем өнерпаздар әнмен жырдан шашу шашып, салтанатқа ерекше шырай кіргізді. Ауа райының қолайсыздығы тұрғындарға кедергі болмады. Жауынға қарамастан жұрттың көңіл күйі көтеріңкі. Бұл ең бастысы. Сондай-ақ «Салт - дәстүр» фестивалі де өтті.
Гүлбақша Мұсабаева, қоғам белсендісі:
- Конституия күні менің тағдырымда, менің мамандығыммен байланысты. Неге? Мен заңгермін. Өмір бойы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғап жатырмын. Мәдениетіміз, тіліміз, дәстүрміз әрқашан елімізді біріктіретін болсын. Көңіліміз өте салтанатты бүгін. Баршаңызды Қазақстан Республикасының конституция күнімен құттықтаймын.