The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалі. LIVE
Астанада The Spirit of Astana заманауи этникалық музыка фестивалі өтіп жатыр.
Ән кеші төрт жылдан соң қайта ұйымдастырылып отыр. Сахна маңында қазір біздің әріптестер жүр. Қорған, фестивальге неше елдің өкілі қатысып жатыр? Бұл жолғы ерекшелік неде?
Қорған Қонысбайұлы @Korgantore
- EXPO-ның жазғы Open-air алаңы адамға лық толы. Халықаралық фестивальде этникалық музыканың үздігі саналатын бірнеше топ қатысып жатыр. Атап айтсақ, өзіміздікімен қатар, сахнаға Өзбекстан, Израиль, Венгрия мен Грузия өкілдері шықты. Концертке дейін EXPO аумағында түрлі бұйым жасау сынды сайыстар өтіп, қонақтарға халықтардың ұлттық тағамдары ұсынылды. Сонымен қатар қолөнершілер жәрмеңкесі мен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Жалпы фестиваль Астанада алғаш рет 2017 жылы өткен еді. The Spirit of Astana түрлі халықтар мен олардың мәдениетін біріктіретін жоба саналады. Яғни сахнада түрлі ұлттың әндері шырқалады, мәдениеті көрсетіледі. Әрі фестиваль түрлі жастағы адамдарға арналған. Биылғы ерекшелігі неде?