Солтүстікте Ботай мәдениетіне арналған симпозиум өтті
Солтүстік Қазақстан облысында екінші «Ботай - Ұлы дала мәдениеті» халықаралық симпозиумы өтті.
Шараға Қырғызстан, Канада, Бельгия, Франция, Германия секілді 21 мемлекеттің суретшілері қатысты. Олар он күн бойы өңірдегі тарихи орындарда болып, жәдіргерлер мен сол дәуірде тіршілік еткен халықтың өмір салтын зерттеді. Ойларына түйгендерін қағаз бетіне түсірді. Нәтижесінде бейнеленген 120-ға жуық картина Петропавлда өткен арнайы көрмеге қойылды. Ал желтоқсан айында туындылардың бір бөлігі аукционға шығарылады. Одан түскен қаражат балалар үйіне табысталмақ.
Денис Лукянчук ұйымдастырушы:
- Суретшілердің әрқайсысы кем дегенде 5 картинадан салды. Ал Румыниядан келген азамат он екі туынды жасап, рекорд орнатты. Ботай қонысы мен Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты қылқалам шеберлеріне ерекше шабыт сыйлады. Оны көрмеге қойылған мына картиналардан айқын аңғаруға болады. Компазициялар әр алуан. Барлығы көздің жауын алады.